RU
Жүрек жұтқан әке қызын акуланың азуынан аман алып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жүрек жұтқан әке қызын акуланың азуынан аман алып қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ азаматшасы Пейдж Винтер әкесімен үйінің жанындағы жағажайда демалмақ болады. Алайда теңіздің жағасында шомылып жүрген аруға күтпеген жерден алып акула шабуылдаған. Абырой болғанда бойжеткеннің әкесі жыртқышпен шайқасқа түсіп, қызын дер кезінде құтқарып қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оқиға Солтүстік Каролина штатында болған. Пейдж осы кезде жағалауда шомылып жүрген. Кенет бойжеткен денесінің төменгі бөлігінен біреудің ұстап алғанын сезеді.

Бұл жергілікті сулардың бірінде ғана мекен ететін акулалардың бірі екенін түсінген ару айқайға басады. Осы кезде қызының оғаш қылықтары мен жан даусын естіген Чарли мен парамедик көмекке жүгіреді.

Әкесі акулаға шап беріп, жыртқышты басынан бес рет ұрған. Тек содан кейін ол қызды босатыпты. Жәбірленушінің жанына жағажайдың өзге де келушілері жақындады.

Ал көп ұзамай оқиға орынна дәрігерлер мен құтқарушылар да келіп жетті.

Пейдж бірден ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай бойжеткенге ота жасалды. Дәрігерлер арудың аяғын тізеден төмен кесуге мәжбүр болды.

Олардың сөзінше, Пейдж біраз уақыттан кейін қолын да ауыстыруы қажет.

"Құдайға шүкір, менің ұлым сол сәтте оның жанында болды. Оған акуланы жеңу үшін оны бірнеше рет ұруға тура келді. Біз дәл қазір олардың жанында болғымыз келеді", - дейді бойжеткеннің әжесі.

Сондай-ақ, Пейдж қолындағы бірнеше саусағынан айырылды. Оның денесінің төменгі бөлігінде қалып қойған акуланың іздері өмір бақи сақталып қалатын болды.

Қайғылы оқиғадан кейін көзін ашқан ару жергілікті тұрғындардың акулаларға тиіспеулерін сұраған. Ол үшін олар бәрібір жақсы болып қалды.

Сіздің реакцияңыз
1
3
4
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel