Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі үшін белін 33 см-ге дейін қысқартқан ең қыпша бел әйел туралы не білеміз?

Опубликовано:

Этель Грейнджер есімді келіншек күйеуінің көңілінен шығу үшін өзін адам танымастай етіп өзгерткен. Ол пирсинг жасатып, биік өкшемен жүрді. Қиялға берілген жұбайының қалауын орындаған әйел адам өмірінің соңына дейін корсет киіп, қыпша бел атанған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Этель Грейнджер 1905 жылы дүниеге келген. Ол сол заманның талабына сай сәнденген қарапайым ғана қыз болатын. Арудың өмірі болашақ жарын кезіктіргеннен кейін түбегейлі өзгерген.

Этель өзінің болашақ жары Уильяммен өзі жұмыс істеген дүкенде танысады. Ол кезде бойжеткеннің кездесіп жүрген жігіті, ал ер азаматтың көңілдесі бар болатын.

Алайда көп ұзамай Этельдің жігіті оны басқа жанға айырбастап кеткен. Уильям да өз кезегінде сүйіктісімен айырылысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Көп ұзамай ғашық жұп шаңырақ көтереді. Уильям биік өкше киіп, сырға таққан қыпша белді қыздарды ұнататын.

Бұл өте қызық таңдау еді. Себебі бұл сол жылдардың сәні емес болатын.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Күйеуінің көңілінен шықпақ болған Этель корсет тағып, биік өкше кие бастады. Сонымен қатар, құлағын тескізіп, сырға тағады. Оның алғашқы сырғасының дизайнын күйеуі Уильям өз қолымен жасап берген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Қарым-қатынастарының алғашқы кезінде ару белін 61 см-ге дейін қысқарта алған. Уильям үнемі сән журналдарынан корсет тағудың жаңа тәсілдерін оқып, жұбайымен бөлісіп отырды.

Фото: woman.rambler.ru
Фото: woman.rambler.ru: UGC

Белді одан бетер жіңішке ету үшін ол әйеліне корсетті үздіксіз тағуды ұсынды. Әйел адам бұған ұзақ қарсыласқанымен, күйеуіне қарсы шықпай, келісімін берген.

Фото: woman.rambler.ru
Фото: woman.rambler.ru: UGC

Сондай-ақ, күйеуінің көңілінен шығу үшін Этель мұрны мен бетіне де пирсинг жасатқан.

Кейде әйел адам тығыз байланған корсеттен шаршап, оны босатып қоятын. Бірақ күйеуі оған рұқсат бермей, қайта байлап тастайтын.

Уильям өз кезегінде әйеліне күштеп ештеңе істетпейтінін айтатын. Оның ойынша, Этель күйеуінің қалауын қанағаттандыру үшін өзі осындай қадамдарға барады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797741-kjeui-sin-belin-33-sm-ge-dejin-kyskartkan-e-kypsa-bel-jel-turaly-ne-bilemiz/

pixel