RU
Ішімдіксіз "масайған" жеткіншек дәрігерлерді таң қалдырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ішімдіксіз "масайған" жеткіншек дәрігерлерді таң қалдырды

Рассказать Вконтакте

15 жастағы Эрин Орлопп дұрыс қозғала алмай, денсаулығының нашарлағанын сезген. Бойынан ащы суға тойып алған адамның әрекеттерін байқаған жеткіншек дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олар өз кезегінде қыздың ауруға шалдыққанын анықтады деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: planetanovosti.com

Фото: planetanovosti.com

Дәрігерлер арудың мұндай іс-әрекетін бірнеше ай зерттеп, себебін түсінуге тырысты. Нәтижесін магниттік-резонанстық томография түсірілімін жасап қана анықтау мүмкін болды.

Олар жасөспірімге өте сирек кездесетін екінші типтегі Киаридің мальформациясы диагнозын қойды. Аурудың салдарынан мишық желке тесікке жетпегенше біртіндеп төмен түседі.

Ал бұл ұзын мидың қысылуына әкеледі. Кейбір жағдайларда жұлын екінші омыртқа деңгейіне дейін қозғалып кетуі мүмкін. Осының нәтижесінде жұлын сұйықтығы айналымын тоқтатады.

Диагноз қойылғаннан кейін Эринға ота жасалды. Дәрігерлер мидың қалыпты орналасуы үшін бас сүйегінің шағын бөлігін алып тастауға мәжбүр болды.

Сонымен қатар, ота кезінде мамандар жеткіншектен асқынулары бар желкелі сүйек деформациясын тапты. Енді Эрин толық қалпына келу үшін тағы бір ота жасату керек.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel