Головкин Нью-Йорк көшелерінде ашық жаттығу өткізді (фото, видео)
Геннадий Головкиннің Нью-Йорктегі ашық жаттығуы жанкүйерлер мен журналистердің назарынан тыс қалған жоқ. GGG-дің дайындық сәті бейнеленген видео батыс бокс шолушыларының Twitter-аккаунттарында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық былғары қолғап шебері Стив Роллспен өтетін алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті.
Боксшының жаттығу сәтін көруге келген жанкүйерлердің қарасы аз болмады.
Айта кетейік, 5 маусым күні жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз-мәслихаты өтеді. Ал 9 маусымда Геннадий мен Роллс рингте кездесетін болады.
Еске сала кетейік, жаңа бапкердің басшылығымен өтетін Геннадий Головкиннің алғашқы жекпе-жегін 9 маусым күні тікелей эфирден көруге болады.
Қазақстандағы сайлау күнімен тұспа-тұс келетін отандасымыздың кездесуі Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелері де тікелей эфирден көрсетпек.