Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін кереуетке байлап, 19 жыл қамауда ұстаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Аргентинада 57 жастағы ер адам 19 жыл әйелін қамауда ұстағаны үшін құрықталды. Келіншек күйеуінен ұзақ жылдар бойы жәбір көріп, туысқандарымен араласпай кеткен деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bewoman.club
Фото: bewoman.club: UGC

Газета.ru-дың мәліметінше, бүгінде әйел адамның жасы 43-те. Ұзақ уақыт бойы ол кереуеттің аяғына байлаулы болған.

Сонымен қатар ол жылдар бойы соққыға жығылып, 57 жастағы жұбайынан психологиялық тұрғыдан қысым көрген.

Басылым қазіргі таңда ер азаматтың құрықталып, алдын ала 60 күнге қамауға алынғанын да атап өтті.

Келіншек туысқандарымен сирек сөйлесіп тұратын. Оның өзінде жұбайы оған сол үшін арнайы сценарий жазып береді екен.

Бір күні ер адам есікті құлыптауды ұмытып кеткен. Қолайлы сәтті күткен әйел адам бірден бөлмеден босап шығып, жақындарына хабарласып, бар мән-жайды баяндаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797810-er-adam-jelin-19-zyl-kamauda-stagan/

pixel