RU
GGG алға: Қазақстандықтар Головкинге қолдау білдіруде
Жаңалықтар Қоғам

GGG алға: Қазақстандықтар Головкинге қолдау білдіруде

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар әлеуметтік желі көмегімен Геннадий Головкинге өз қолдауларын білдіріп жатыр. Отандасымызға арналған флешмобқа қатысушылардың саны күн сайын артуда. Еліміздің тұрғындары GGG-дің жеңіп шығатынына кәміл сенімді екенін жеткізуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Желі қолданушылары отандық боксшыға қолдау білдіріп түсірген видеолардың астына #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерін қалдырған.

Бірі рухты видео түсірсе, енді бірі ерекше өнерімен Головкиннің суретін салуда.

Бәрінен де қарағандылықтар жерлесіне белсенді түрде қолдау білдіруде. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің студенттері кеншілерден қалыспай, аталмыш флешмобты жалғастырған.

Студенттерден мектеп оқушылары да қалысар емес. Оралдағы №33 мектеп оқушылары қағазға "GGG алға" деп жазып, отандық чемпионға жылы лебізін білдірген.

Оған қоса, желіде тағы бір бүлдіршіннің видеосы тарап кетті. Бейнежазбадан балақайдың бетіне GGG деп жазып алғанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, бұған дейін шоу-бизнес жұлдыздары мен кеншілердің Геннадий Головкинге қолдау білдіргенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel