RU
Қазақстандық бойжеткен Air Astana-дан кешкі асын төлеп беруді талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық бойжеткен Air Astana-дан кешкі асын төлеп беруді талап етті

Рассказать Вконтакте

Мәскеуден Алматыға Air Astana ұшағымен ұшқан қазақстандық ару әуе компаниясынан кешкі асының ақшасын төлеуді талап етуде. Себебі ұшу уақыты бес сағатқа кешіктіріліп, жолаушылар өз қалтасынан тамақтануға мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық бойжеткен Air Astana-дан кешкі асын төлеп беруді талап етті

Көрнекі фото:pxhere.com

Ұшақ Мәскеуден Алматыға 2 маусымға қараған түні ұшуға тиіс болған. Алайда белгісіз себептермен ұшу уақыты бес сағатқа кешіктірілген. Әуе тасымалдаушы жолаушыларға 600 рубль (3496 теңге) құрайтын ваучерлер таратқан.

Алайда Мәскеу әуежайында бұл ақшаға ересек адам тамақтана алмайды екен.

"Рейс екі сағатқа кешіксе, компания жолаушыларды сусындармен қамтамасыз етуі тиіс, ал төрт сағаттан асса, ыстық тамақпен.
Барлық жолаушыға Шереметьево әуежайының үш кафесінің бірінде тамақтану үшін 600 рубльдың ваучері таратылды.
Тіркелу орнында бұл ақшаға тамақтану мүмкін емес екенін бірден айттым. Маған қолдау қызметіне жүгінуге кеңес берді", - дейді Айжан есімді жолаушы.

Қазақстандық ару дәмхананың біріне келіп, бургер сатып алмақ болған, алайда Айжанның сөзі дұрыс болып шыққан. Берілген ақшаға кішкентай бургер ғана келеді екен, оның өзі сусынсыз.

Басқа тамақтардың бағасы 650 рубльден басталады. Бір құты су 180 рубль, ал шырын 240 рубль тұрады.

Сондай-ақ осы мекеме ережелері бойынша, клиент қымбат зат алып, қалған ақшасын өз есебінен төлей алмайды екен.

"Олар тек 600 теңгеден аспайтын тауарды ғана сата алады. Демек, бұл ақшаға тек сусындар ғана келеді, ал бургер үшін өзің ақша төлеуің керек. Сонда ваучер тек сусындар құнын өтеп тұр.
Олай болса, Air Astana бес сағат бойы рейсін күткен жолаушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз еткен жоқ.
Мен тамақтанып отырғанда 10 шақты қазақстандық пен бір шетел азаматы келді. Оларға да ақша сомасы аз болғандықтан, ыстық тамақ берілмеді. Тек сусын алуға кеңес берілді.
Бөтен елде бес сағат бойы рейсін күтіп, тамақ іше алмаған қазақстандықтарға жаным ашыды", - деді Айжан.

Бойжеткен өз ақшасына тамақтанып, Алматы келгеннен кейін компаниядан ақшасын қайтаруды талап еткен.

Сондай-ақ бойжеткен рейс кешіктірілген жағдайда берілетін ақша сомасынын мөлшерін ұлғайтуды өтінген.

NUR.KZ Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне бұл жағдайға қатысты ресми сауал жолдады. Әзірге жауап берілмеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel