RU
Түркістан облысында таза ауыз суға жарымаған тұрғындар жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында таза ауыз суға жарымаған тұрғындар жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Түркістан обылысындағы Береке ауылының берекесі қашты. Тұрғындардың айтуынша, бұл ауылда таза су - тапшы. Қалың бұқара бүгінде тұрғындардың халін көре тұра немқұрайлық танытып отырған билікке шамдануда деп хабарлайды Отырар арнасы.

Фото: Отырар арнасы

Фото: Отырар арнасы

Береке ауылының тұрғыны Рамазан Құлиев күнін су күзетуден бастайды. Оның сөзінше, су мәселесі бұл өлкеде біраз жылдан бері басты проблемаға айналған.

Сағаттап берілетін суға еті үйренген ауыл тұрғындары енді оның ластығына көндіге алмай жүр. Ауруды астан тапқысы келмегендерге тіршілік нәрін басқа жақтан сатып алудан басқа амал қалмай барады.

"Суды уақытымен береді. Құбырлардың барлығы жарылып кеткен. Арасында құрбақалар секіріп жүр. Мұның ішінде не жоқ дейсіз? Не істеуіміз керек? Сапасыз судың кесірінен балалар ауырып, ауруханаға түсіп жатыр. Бірнеше мәрте арыздандық, бірақ нәтиже жоқ",- дейді Рамазан Кулиев.

Ал таяқ тастам жердегі көрші ауыл мұндай мәселеге бас қатырмайды. Ол жақта таза су да, оны есептейтін құрал да бар. Дегенмен, берекеліктерге бұл әзірге арман болып тұр.

Елдің титығына тиген мәселеден ауыл әкімі де хабардар. Бірақ, көрші ауылда тұратын әкім ақшаның жоқтығы қолбайлау болып отырғанын алға тартты.

"Жобаны дайындауға 2 млн теңге бөлінген болатын. Енді облыстан ақшаның түсуін күтуіміз керек. Ауыз су мәселесін шешуіміз керек",- дейді Береке ауылының әкімі Әлім Ибраев.

Ауыл әкімінен үмітін үзген ел енді облыс әкіміне жол тартпақ. Ал, оған дейін тұрғындардың пайдадан гөрі күмәні көп су ішуден басқа амалы жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel