RU
Күйеуінің көзіне шөп салғанын білген келіншек оның көлігін талқандап тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Күйеуінің көзіне шөп салғанын білген келіншек оның көлігін талқандап тастады

Рассказать Вконтакте

Австралияның Сидней қаласында жұбайының опасыздығынан мезі болған келіншек оның көлігінің терезесін темір сатымен сындырған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Lenta.ru

Фото: Lenta.ru

Оқиға дүйсенбі, 3 маусым күні болған.

Куәгерлердің айтуынша, күйеуінің көлігін бордель маңынан байқап қалған әйел адам ашуға булығып, жұбайынан өшін алмақ болған.

"Көше бойымен түсіп келе жатып, келіншектің көлік терезесін сатымен ұрғылап тұрғанын көрдім", - деп жазды австралиялық ер азамат Facebook-тегі Humans of Bankstown тобында.

Сонымен қатар, ол әйел адамның жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтерген күйеуінен өшін осылай алғанын айтты.

Желі қолданушылары ер адамның бордельге жай ғана құбырды тексеруге немесе құбыр өткізуге келуі мүмкін еді деп қалжыңдады.

Олардың пікірінше, әйел адам бар жағдайды дұрыс түсінбей қалған.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel