RU
Төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасоваға 50 түйесі бар азамат ұсыныс жасаған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасоваға 50 түйесі бар азамат ұсыныс жасаған (видео)

Рассказать Вконтакте

Подиумда төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасоваға 50 түйесі бар азамат тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Бұл жайында модельдің өзі Instagram парақшасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткеннің айтуынша, өзіне мұндай ұсыныс көптеп түседі екен.

"Жас, бойдақ, 50 түйесі бар азамат маған үйленгісі келеді. Айтуынша, әр түйесі 700 мың теңге тұрады екен. Ал онда бақандай 50 түйе бар. Міне маған осындай ұсыныстар келеді. Не істесем екен?", - деп жазды Динагүл Тасова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Динагүл Тасова елордадағы сән көрсетілімі кезінде төсі көрініп тұратын көйлек киіп шығып, елді сынына ұшыраған.

Тіпті арудың ағалары оған қатты ренжіген.

Модель сол үшін оны кездесіп жүрген жігіті соққыға жыққанын да айтқан еді.

Содан кейін ару енді төсін жалаңаштап шықпайтынын мәлімдеген болатын.

Алайда биылғы жылдың сәуірінде атышулы модель подиумда тағы да төсін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel