RU
Он жасар өжет қыз суға тұншығып жатқан екі жасар сіңлісін құтқарып қалды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Он жасар өжет қыз суға тұншығып жатқан екі жасар сіңлісін құтқарып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Джорджия штатында он жасар қыз бала бассейнде батып бара жатқан сіңлісін құтқарып қалды. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде тарап кеткен деп жазады lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Видеодан екі жасар Кали Даллистің балонмен суға секіргенін көруге болады.

Нәтижесінде бүлдіршін аударылып, батып кетеді. Бұл сәтте бассейннің басқа жағында шомылып жүрген Джайла бірден сіңлісіне көмектесуге тырысқан.

Ол Калиді судан шығарып, оның өкпесінен суды шығаруға жанын салған. Артынан қыздардың қасына ата-анасы келіп, тиісті көмек көрсеткен.

Кали бірден ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.

Ақ халаттылар бүлдіршіннің денсаулығына қатысты жақсы болжам айтпағанымен, ол сауығып кеткен. Бүгінде, екі жасар қыз үйіне оралған.

"Бұл қызық. Нағыз ғажайып. Балаларыңыздан көз алмаңыздар. Балондар үнемі қауіпсіз емес. Сақ болыңыздар және балаларыңызға қарап жүріңіздер" , - деді екі қыздың анасы Данешия Даллис.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel