Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде ай тұтылуын көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Ай тұтылғанын көрдіңіз бе? Ендеше шынайы өмірде түсініспеушіліктер орын алып, сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызда қиындықтар туындауына дайындалыңыз. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде ай тұтылуын көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет: iphones.ru: Instagram

Ай тұтылуы ең алдымен денсаулық сыр бере бастағанын ескертеді.

Сондай-ақ қиындықтар кезеңі басталмас бұрын осындай түс көруіңіз мүмкін. Ең басты мұңаймаңыз, бейсанаңыз сізді алдын ала дайындап жатыр.

Айдың қандай түске боялғанына да мән берген жөн. Ашық сары болса, онда құпияңыз ашылып, жанжалға ұласады.

Қызыл түс материалды шығындар жайлы ескертеді. Ал сиппаттай алмайтын ерекше түске боялса, онда қарызға батасыз. Ал қара түсті болса, онда жуырда жақыныңыздан айырылуыңыз мүмкін.

Дегенмен ай толық тұтылса, онда көп ұзамай қиындықтар аяқталып, қуаныштар болады деген сөз.

Мұндай түсті аптаның қай күні көргеніңізге де мән беріңіз.

Сейсенбі - қызмет бабында қиындықтар;

Сәрсенбі - ауыр кезең басталады;

Бейсенбі - жол апатына түсу қаупі бар;

Жұма - жақындарыңызбен қарым-қатынас бұзылады;

Сенбі - көңіл-күйіңіз нашарлап, күдікшіл боласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797868-tsiizde-aj-ttyluyn-kru-neni-bildiredi/

pixel