RU

Лука Йович мадридтік "Реалға" ауысты

"Айнтрахт" клубының шабуылшысы Лука Йович мансабын Испания чемпионатында жалғастырады. Футболшыны мадридтік "Реал" сатып алды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Лука Йович. Фото: Eurosport.ru
Лука Йович. Фото: Eurosport.ru: Facebook

Мадридтік "Реал" сербиялық ойыншымен келісім-шартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді.

Шабуылшы корольдік клуб сапында алты жыл доп тебеді.

Айта кетейік, Йович 2018/19 маусымда 48 ойынға шығып, 27 гол соққан.

Еске сала кетсек, немістің "Айнтрахт" клубы футболшыны "Реалға" 60 млн еуроға сатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797871-luka-jovic-madridtik-realga-auysty.html