RU
"Қанат Исламды қолдамаймын": Отандық спорт журналисі мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

"Қанат Исламды қолдамаймын": Отандық спорт журналисі мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Спорт журналисі Уәлихан Қосанбай кәсіпқой бокста жаңа салмаққа өткен Қанат Исламды сынға алды. Ол Геннадий Головкиннің салмағына ауысқан отандасымыздың шешімін не себепті қолдамайтынын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Қанат Исламның орта салмаққа көшуіне қарсы екенін журналист өзінің Facebook парақшасында жазған.

"Әуесқой бокста 69 келіде, кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыздың бұл шешімін мен қолдамаймын. Өйткені, орта салмақта чемпион атану қиынның қиыны. Үш белбеу "Канелода". WBO болса Деметриус Андрадеде. Қанат Ислам дәл осы WBO белбеуіне көз тіккен сияқты. Кешірім сұраймын, бірақ қазір ол америкалық Андрадеден белбеуді алады дегенге сене қоймаймын. "Канело" туралы айтпай-ақ қояйық.
Сөз жоқ, Қанат Ислам орта салмақта үздік ондықтағы кейбір боксшыларды жеңе алады. Бірақ чемпиондарды ұта алады дегенге сену қиын. Себебі, боксшымыз бір жарым жылдан көп уақыт шаршы алаңға шықпады. Жарақаты ауыр болды. Екіншіден боксшымыздың жасы биыл 35 толады. Ал жыл өткен сайын боксшылардың күші кері кететінін белгілі.
Тағы бір айта кететін жәйт, "Канело" - Мексиканың алтын баласы. Golden boy оңайлықпен бұл жігіттің белбеуін ешкімге бермейді. Андраде - америкалық боксшы. Ақша табу үшін керек жігіт. Промоутерлер, ұйым да оның белбеуін ешкімге бермеуге тырысады.
Сол үшін де Қанат ағамыз бірінші орта салмақта қалғаны дұрыс болар ма еді деп ойлаймын. Бұл салмақта да "қалпақпен ұрып алатын" жігіттер жоқ. Лара, Мунгуиа, Харт, Чарло, Брук секілді жігіттер бар. Дегенмен де осылармен таласып көруге болатын сияқты" , - деп жазды Уәлихан Қосанбай.

Оған қоса, журналсит Қанат Исламның бесінші шілде күні Алматыда жұдырықтасатыны туралы айтты. Оның сөзінше, отандық боксшы өзіне қарсылас қарастырып жүр.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel