Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда босанған әйелін құттықтамақ болған азамат келіншектердің зәресін алды

Опубликовано:

Ақтаудың перинаталды орталық ауласына көлікпен кірген ер адамдар көлік дабылын басып, бензин өртеген деп хабарлайды Іnaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда жаңа босанған әйелін құттықтамақ болған ер адам жүкті әйелдердің зәре-құтын қашырды
Көрнекі сурет: inaktau.kz: Facebook

Оқиға бесінші маусым күні Ақтау қаласында болған. Баласы туылғанына қуанған ер адам достарымен перинаталды орталық ауласына кіріп, бұзақылық жасаған.

"Түнде 15-20 шақты ер адам қызметтік көлікке ашылған шлагбаумды пайдаланып, орталықтың ауласына кіріп кеткен. Жігіттер ғимаратты айнала жүріп, дабыл басып, шулаған. Сосын көліктен шығып, терезенің түбіне бензин төгіп, от жаққан. Босанушы әйелдердің, нәрестелердің, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі олардың ойларына кіріп-шықпады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кезекші күзетші оларды тоқтатуға тырысқан, бірақ олар оның сөзіне құлақ аспаған. Сондықтан полиция шақыруға тура келген.

"Олар жігіттерді тынышталдыру үшін полиция шақырған, алайда оқиға орнына жеткен полицейлер оларды заң бойынша жауапқа тартудың орнына, бұзақылармен құшақтасып, бірге кеткен", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797878-aktauda-bosangan-jelin-kttyktamak-bolgan-azamat-kelinsekterdi-zresin-aldy/

pixel