RU

Төлеутай Рақымбеков Алматы облысының аграршыларымен кездесті

Төлеутай Рақымбеков Алматы облысы Қарасай ауданы "Оңтүстік" агросаябағының аумағында үгіт-насихат науқаны аясында сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Төлеутай Рақымбеков Алматы облысының аграршыларымен кездесті

Кездесу барысында "Ауыл" ХДПП президенттікке үміткері ауыл мәселелеріне баса назар аударатынын айтты.

«Барлық мәселелердің шешімін ауылдан табуға болады. Ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту қажет. Ауылды мекенде 7,7 млн адам мекендейді, оның 4,4 млн ғана жұмысқа қабілетті. Статистикаға сай оның 1,2 млн жұмыспен қамтылған. Ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы 20 мың теңге, бұл қаламен салыстырғанда бірнеше есе аз. Ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшуінің бірнеше себебі бар, олар: жұмыссыздық, денсаулық сақтау мекемелерінің тапшылығы, балабақшалар мен мектептердің аз болуы, өмір деңгейінің төмендігі. Шағын шаруа қожалықтары ет пен сүттің 70%-дан астамын, барлық көкөністер мен жемістердің 80%-дан астамын өндіреді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын арттыру үшін: 1) өндіріске арналған шығындарды азайтып, 2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу құнын арттырып, 3) өндіріс инфрақұрылымын құрып, 4) мемлекеттік қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет. Несиелерді 10-15 жылға 1-2%-бен беру қажет. Жаңа фермерлерге пайызсыз және қайтарымсыз гранттар беру қажет. Өнімді мемлекеттік қорларға кепілді сатып алу арқылы өткізіп, экологиялық таза және органикалық өнім өндірісін қолдау қажет. АӨК заманауи технологияларға көшіріп, аграрлық ғылым мен ЖОО қаржыландыруды ұлғайту қажет. Ауылдарды жандандырып, өз халқымызды сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп, экспортқа шығарайық. Қазақстанда жүздеген миллион адам үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге болады", – деді президенттікке үміткер.
Төлеутай Рақымбеков Алматы облысының аграршыларымен кездесті

Сонымен қатар, Төлеутай Рақымбеков тұрғындар ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының нашар жағдайына байланысты көшіп кететінін атап өтіп, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру бойынша кешенді шаралар әзірлеуді ұсынды.

"2003 жылы әрбір ауылға 123 көрсеткіш бойынша талдау жүргіздік. Соңғы 15 жылда 1 100-ге жуық ауыл жойылды. Бюджеттен жүз миллиард теңге бөлінгеніне қарамастан, көптеген ауылдар әлі күнге дейін сумен қамтамасыз етілмеген. Электр энергиясының тарифтері қалалық тарифтерден бірнеше есе қымбат. Әлеуметтік сала объектілері жетіспеушілігіне. ауыл тұрғындары, әсіресе балалар өркениеттің қарапайым игілігінен айрылып отыр. Барлық өңірлер мен салалардағы халықтың табысындағы айырмашылықты жою қажет. Мен Қазақстан ауылдарының осы мәселелерін шешу жолдарын білемін", - деп сендірді Төлеутай Сатайұлы.
Төлеутай Рақымбеков Алматы облысының аграршыларымен кездесті

Шараға ҚазҒЗИ, ҚазҒЗИ, "Agropark Ontustik" ЖШС, өңірдің АШТӨ өкілдері, ҚазҰУ, ҚазҰАУ студенттері, Алматы облысы бойынша "Ауыл" ХДПП аймақтық филиалының өкілдері қатысты.

Рақымбеков Т.С. сайлауалды бағдарламасын толығырақ зерттеуге болады. Президенттікке үміткер Рақымбеков Т.С. сайлау қорының қаражатынан төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797893-tleutaj-rakymbekov-almaty-oblysyny-agrarsylarymen-kezdesti.html