RU
Тоқаев "Нұр Астана" мешіті мен "Астана" медресесіне барып қайтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев "Нұр Астана" мешіті мен "Астана" медресесіне барып қайтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барып, медресе тәлімгерлерін ораза айт мерекесімен құттықтап қайтты деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін айтты.

Студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстан президенті оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын" , – деп тіледі мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.

Мемлекет басшысының медреседе оқитын балалармен тілдесіп тұрған сәтін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жариялаған.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel