RU
Памела Андерсон пластикалық ота салдарынан мысыққа ұқсап қалған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Памела Андерсон пластикалық ота салдарынан мысыққа ұқсап қалған

Рассказать Вконтакте

Памела Андерсонның пластикалық хирургияға деген махаббатын күллі әлем біледі. Төсін бірде үлкейтіп, бірде қайта кішірейтіп алысқан актриса енді бет-әлпетін өзгертуге кіріскен. Алайда, барынша жасарғысы келіп, операция жасатқан жұлдыз сәтсіздікке ұшыраған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Жаңа ота жасатып, ел алдына шыққан америкалық актрисаны көпшілік танымай қалған. Памела Андерсон қабағын тарттырамын деп енді мысыққа ұқсап кеткен.

Пластикалық хирург өз жұмысын тым әсірелеп жіберсе керек. Себебі, енді дүйім жұрт тамсанған актрисаның көздері мүлде жабылып қалған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Көпшілік Памела Андерсонды сәтсіз оталар салдарынан түрі адамшошырлықтай болып кеткен Джоселин Вильденштейнге қатты ұқсатып жатыр. Бұл танымал әйел ел арасында "мысық-келіншек" деген атаққа ие болған.

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel