RU
Алматыдағы Құлжа тас жолы - Рысқұлов жолайрығы іске қосылды (видео)

Алматыдағы Құлжа тас жолы - Рысқұлов жолайрығы іске қосылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолының қиылысында салынып жатқан екі деңгейлі жолайрық құрылысының барысымен танысты. Бүгін қаланың батыс бағытына шығатын өтпелі жолдың қозғалысы ашылды. Бір айдан кейін шығыс бағыттағысын іске қосу жоспарланып отыр деп хабарлайды оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

Бұл жолайрық тек қана қала орталығын халықаралық әуежаймен байланыстырып қана қоймайды. Сонымен қатар жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары да пайдаланады. Толық құрылыс біткенде, көліктерге арналған аумақтың сыйымдылығы орташа есеппен 15% -ға артады.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

"Біз транспорттық инфрақұрылымды, оның ішінде көліктер жолын дамытуды жалғастырамыз. Алматыға жасаған соңғы жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Үкіметке қажетті қаражат бөлуді тапсырды. Бүгінгі күні қалада тағы екі метро станциясы мен Абай даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысында екі жолайрық салынуда.
Осы жылы Құлжа тас жолы - Бухтарминская көшесі қиылысы бойында өтпелі және түннельмен тағы бір жолайрық құрылысын бастау қажет. Бұл көлік қозғалысының жылдамдығын арттырады, бизнес шығындарын азайтады, осы саладағы кептелісті азайтады және қалаға экологиялық ластануды бәсеңдетеді", - деді Бауыржан Байбек.
Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кету керек, бұл екі деңгейлі жолайрық сейсмикалылық қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Құрылыс барысында 100 мың текше метрден астам бетон және металл конструкциялары пайдаланылды.

400 жұмыс орны құрылып, бюджетке салық арқылы 4 миллиардтан астам теңге қайтарылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

Қазіргі уақытта инженерлік желілерді өткізу, 50 мың шаршы метрді абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Құрылыс барысында 700-ден астам ағаш және 615 бұта отырғызылды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
3
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel