RU
Елордада күйеуінің опасыздығына шыдамаған келіншектер психолог жағалап жүр
Жаңалықтар Қоғам

Елордада күйеуінің опасыздығына шыдамаған келіншектер психолог жағалап жүр

Рассказать Вконтакте

Елордада күйеуінің опасыздығынан мезі болған қыз-келіншектер ақылы психологтардың қызметіне жүгінетін болған. Отбасылық бақытқа қол жеткізгісі келетін оларға мамандар күйзеліспен күресуге көмектеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: nashpilkah.com.ua

Көрнекі фото: nashpilkah.com.ua

Мамандардың сөзінше, психологтарға көбінесе ауқатты отбасылар жүгінеді екен. Өмірде түрді жағдайға тап болатын олар күйзелісті тек арнайы мамандардың көмегімен ғана жеңетін көрінеді.

"Қазір жастар сауатты, бұрынғыдай емес. Осыдан он шақты жыл бұрын, әйелдер психологқа келудің өзіне ұялатын. Бізді тек ақыл-есі кем жандармен жұмыс жасайтын мамандар деп қабылдайтын.

Бүгінде олай емес, күйзеліске түскен сәтте, отбасында қиын жағдайлар туған кезде осындай консультативті кеңес орталықтарына келіп, психологтардан кеңес алады.

Әрине көп жағдайда ауқатты отбасылар келіп жатады. Әр маманның қоятын бағасы бір, десе де еңбек өтілі көп психологтар кеңес бағасын да жоғары қояды", - деді маман.

Маманнан "Әйелдер көп жағдайда қандай проблемалармен келеді?" деген сауалымызға психолог келесідегідей жауап берді.

"Әйел болған соң, отбасын ойлап келетіндер көп. Бірінің күйеуі ашынасына кетіп қалса, енді бірі ата-енесіне деген өкпесін айтып келеді.

Бірақ көп жағдайда сол ер адамдар тарапынан кететін қателіктерді, солар жасайтын опасыздықты әйелдер көтере алмайды. Ал кейде күйеулерін де ертіп келетін әйелдер де болады.

Олар керісінше отбасылық дау-жанжалдан шаршап, татуласамыз деп келеді.

Әйел адамға ең ауыр тиетін дүние ол – өмірлік серіктерінің опасыздығы, ал басқа әйелдің құшағында кетіп, сонымен отбасын құрып кетсе, тіптен салы суға батады.

Бірақ қазіргінің әйелдері мықты, бәрін жеңіп, кейбірі күйеулеріне қайта қосылып, енді бірі керісінше мықты бизнесмен болып кетеді. Біздікі тек соларға бағыт беріп, жанын емдеу", - дейді психолог маман.
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel