RU
Балықшының көз алдында: Қарағанды облысында 12 жасар бала өзенге ағып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Балықшының көз алдында: Қарағанды облысында 12 жасар бала өзенге ағып кетті

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Ростовка ауылының жанындағы Нұра өзеніне шомылған төртінші сынып оқушысы суға ағып кетті. Оның денесі бір сағаттан кейін 3-4 шақырым жердегі өзен жағасынан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pixabay.com

Көрнекі фото: Pixabay.com

Қайғылы жағдай балықшының көз алдында өткен.

Ер азамат баланың суға түсіп, шомыла бастағанын көріпті.

Кейінірек мектеп оқушысы өзеннің орта жағына дейін жүзіп барғанда, судың ағысы оны алып кеткен.

Балықшы құтқарушыларды шақырғанымен, олар келгенше бала көзден таса болыпты.

"Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылы аумағын іздестіру барысында, сүңгуірлер баланың денесін тапты. Ол жүзуге арналмаған жерде шомылды", - деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ол ересектерге және балаларға санкцияланбаған жерлерде жүзуге тыйым салынғанын тағы да еске салды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel