RU
«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
Жаңалықтар Қоғам

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында атап көрсеткендей, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық біздің бірегейлігіміздің негізіне айналуы тиіс. Көптеген шет елдерде көрсетілген Қазақстанның заманауи өнер көрмесі алғашқы рет өзінің шығармаларын өңір тұрғындарына паш етіп жүр. Солардың бірі – Тараз өңірі болып отыр.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Суретшілердің шығармаларында көшпенділердің құндылықтары мен дала мәдениетін қанық бояумен суреттеу үшін осы саладағы бүкіл әлемнің ең озық, ең шеберлік үрдістерін қолдануға барлық мүмкіндік жасалынған.

Көрмеде Алмагуль Менлибаева, Сауле Сулейменова, Рашид Нурекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшілердің туындылары қойылған.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
«Мұнда әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар қойылған. Шығармалар ұлттық болмысымызды айшықтайтын, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейді», - деді өз сөзінде көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади.
«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Мақалада көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам»,  «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тараулары арқылы қазақ халқының ұлттық тарихында орын алар дүниелер туралы шығармалар сыр шертіп тұр.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Экспозицияда дәстүрлі техникалармен орындалған: мүсін, кескіндеме, графика, сонымен бірге жаңадан енген – инсталляция, обьект, перформанс, видео және медиа-арт бағыттары бар.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Көрменің ашылуына қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова өз сөзінде:

«Осындай құнды мұраларымызды асқақтата түсу – бәрімізге ортақ парыз. Ұлы Дала тарихымен танысуға мол мүмкіндік беретін, Қазақстанның заманауи мәдени болмысын бейнелейтін бұл көрмені тамашалауға шақырамын», - деп атап өтті
«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Бұл өнер туындыларын қала тұрғындары 1 ай бойы Облыстық драма театрына барып, тамашалай алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel