RU

Ұлттық бюро Білім және ғылым вице-министрін тергеп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз ұызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: temasaratov.ru
Көрнекі фото: temasaratov.ru: UGC

Шенеуніктің аты, не үшін күдікке ілінгенін әзірге айтылған жоқ.

Алайда, Sputnik Казахстан тілшісіне Ұлттық бюроның баспасөз қызметі тергеу Эльмира Суханбердиеваға қатысты жүріп жатқанын мәлімдеген.

"Вице-министр Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаймыз", - деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797950-lttyk-buro-bilim-zne-gylym-vice-ministrin-tergep-zatyr.html