Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайықтағы балықтың қырылуына кім себепкер болғаны анықталды

Опубликовано:

Атырауда Жайық пен Перетаск өзендерінде балықтың жаппай қырылуына кім кінәлі екені анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жайықтағы балықтың қырылуына себепкер болғандар анықталды
Фото:Ақ Жайық: Getty Images
"Атырау Жылы электр стансасы кінәсін толық мойындап, шығындарды өтеді. Сол себепті қылмыстық іс жабылды. Екінші қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған "Атырау су арнасының" басшыларының ісі тергелуде. Олардың істері қазір прокуратура қарауында», -деді ПД-нің балық қорларын қорғау бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов.

Өткен жылдың желтоқсанында Жайықта 120 тонна, ал Перетаскта 2 тоннаға жуық балық қырылған еді. Атырау ЖЭС мемлекетке барлық шығынды өтеді.

"Тергеу жұмыстары аяқталды. Балықты хлор улағаны анықталды. Іс сотқа жіберіледі. Тергеуді ІІМ арнайы тобы жүргізді. Сот Атырау қаласында өтеді", - деді бөлім басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797959-zajyktagy-balykty-kyryluyna-kim-sebepker-bolgany-anyktaldy/

pixel