RU
"Мен өз күшімді сеземін": Головкин жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

"Мен өз күшімді сеземін": Головкин жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатын өткізді деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Madison Square Garden кешеніне қайта оралғаныма қуаныштымын. Тағы бір мүмкіндіктің туғанына қуаныштымын. Бұл - мен үшін ғана емес, барлық бокс үшін тамаша жағдай.

Жанкүйерлеріме өз тәжірибемді көрсетемін. Дұрыс айтасыздар, көп уақыт рингтен қалыс қалдым. Бірақ мен анағұрлым мықты, анағұрлық ақылды болып оралдым!

Баршаңызға алғыс айтқым келеді, DAZN - мен үшін үлкен келісімшарт. Жанымда сенімді адамдардың барын сезіну керемет. Роллс - мықты боксшы. Бокс қауіпті спорт болып табылады. Сенбі күні бұл нағыз жекпе-жек, жаңа шоу болады!", - деді Головкин.

Еске сала кетсек, Головкин-Роллс жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді

Қазақстандық боксшы үшін бұл кездесу ерекше болмақ. Біріншіден, жаңа бапкері Джонатан Бэенкспен алғашқы айқасы. Екіншіден, жуырда тиімді келісімшартқа қол қойған DAZN стримингілік платформасындағы тұңғыш жекпе-жегі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel