RU
Тимати мен Анастасия Решетова сәби күтіп жүргендерін жайып салды (фото)

Тимати мен Анастасия Решетова сәби күтіп жүргендерін жайып салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік әйгілі рэпер Тимати мен оның сүйіктісі Анастасия Решетованың сәби күтіп жүргені туралы қауесеттер қыс мезгілінде тараған еді. Алайда күні кеше жұлдызды жұп бұл ақпаратты ресми түрде растады. Олар өздерінің Instagram парақшаларына ерекше фототүсірілім кезінде жасалған суреттерін жүктеп, оқырмандарымен қуанышты хабармен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелігі, рэпердің танымал модель Алена Шишковадан Алиса атты бір қызы бар.

Ал Анастасия мен Тиматидің қарым-қатынастары жайлы алып-қашпа әңгімелер 2015 жылда кең етек жайған еді. Алайда сәнқой тек 2017 жылы бұл ақпаратты растады.

Ол өзінің Instagram парақшасына рэпермен түскен суреттерін жүктеп, арада сезімдері барын жасырмады.

Танымал рэпер әлеуметтік желідегі парақшасына аяғы ауыр сүйіктісімен түскен суреттерді жүктеп, "BlackStar командасы" деген жазба қалдырған.

Жұлдызды жұптың қуанышты жаңалығы көпті қуантқаны сөзсіз. Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, бұл хабарды көптен күткендерін жасырмады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel