RU
Салахты жанкүйерлері мешітке кіргізбей қойды

Салахты жанкүйерлері мешітке кіргізбей қойды

Рассказать Вконтакте

Ағылшын "Ливерпульінің" атақты мысырлық легионері соңғы екі жылда алғаш рет ауылына келіп, жұртты дүрліктірді. Мохаммед Салах мерекеде мешітке кіріп, дұға жасай алмағаны үшін жанкүйерлері мен журналистерге шамданды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vbetnews.com

Фото: vbetnews.com

Чемпиондар Лигасында "Ливерпуль" жеңіске жеткеннен кейін ауылына оралған танымал мысырлық футболшының үйін жанкүйерлері мен журналистер қоршап алған.

Эль-Шаркия провинциясының тұрғындары Салахтың үйден шығуын сұраған. Нәтижесінде спортшы Рамазанның соңғы күні мешітке барып, дұға жасай алмапты.

Оның әкесі, әйелі мен қызы мешітке Салахсыз кеткен.

Танымал футболшы бұл оқиғаға қатысты ойын Twitter-дегі парақшасында жазған.

"Кей журналистер мен қарапайым халық адам үйден шықпай, мерекелік дұға жасай алмайтындай етіп қойған. Мұның махаббатқа еш қатысы жоқ. Бұл "жеке өмірге қатысты құқықты сыйламау және кәсібиліктен жұрдай болу" деп аталады", - деп жазды Салах өзінің араб жанкүйерлері мен журналистерге қатысты.

​Сондай-ақ, Мохаммед Салахтың жақындары жанкүйерлерден бірінші рет жапа шегіп тұрған жоқ. Футболшының әкесіне ауылдастары жиі келіп, ақшалай көмек көрсетуін сұрайды екен.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
2
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel