RU
"Күйеу керек": Әсел Асқардың жаңа мәлімдемесі жұртты шулатты (видео)

"Күйеу керек": Әсел Асқардың жаңа мәлімдемесі жұртты шулатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүркіттің атышулы қарындасы өзінің желідегі жазбасымен тағы да жұртты шулатты. Бір ұлы бар актриса Instagram парақшасында енді қызды болғысы келетінін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса сәбилі болу үшін өзіне тез арада күйеу жігіттің керек екенін жеткізген.

"Қысқасы, мен қызды болғым келеді. Түрлі киім кигізіп, балетке беремін. Өлең оқуға мәжбүрлеймін. Тез арада күйеу іздеймін", - деді Әсел Асқар.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің жазбасын қызу талқыға салған.

"Арманыңыз орындалсын", "Қызыңыз күйеуіңізге ұқсап қалса қайтесіз?", "Суреттегі жігітіңіз қайда?", "Сізге ұқсаған қыз болса, сұлу болатыны анық".

"Қыз дайын болса, біз дайын", "Күйеуіңізге қоятын талаптарыңыз қандай?", "Шешіміңіз дұрыс екен. Тұрмысқа шығыңыз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әсел Асқар бірінші күйеуінен неліктен ажырасып кеткенін айтып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
2
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel