RU
Маңғыстауға саяхаттап келген француз азаматы қалай құтқарылды?
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауға саяхаттап келген француз азаматы қалай құтқарылды?

Рассказать Вконтакте

Маңғыстауда француздық Хелио Дефурнның көлігін Red Off-road Expedition экспедициясының қатысушылары сордан алып шықты. Бұл туралы экспедицияның қатысушысы Екатерина Киселева pikabu.ru ақпараттық-ойын-сауық қоғамдастығына хабарлады деп жазады lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook

Фото: facebook

Батыр сорында тұрып қалған француз азаматтың көлігін құтқару операциясы мамыр айының ортасында өткен.

Екатерина Киселеваның сөзінше, олардың экспедициясының базалық лагеріне үш тікұшақ келіп қоныпты. Олар "тұзды тұтқында" қалып қойған саяхатшыны құтқарған.

"Хелио Дефурн бізге туған жері Лионнан Моңғолияға дейін күллі Еуропа, Қазақстан, Өзбекстан мен Ресей арқылы келе жатқанын айтты. Сорда сусыз байланыссыз қалып қойған жігіттің көңілі түсіп кетіпті. Ол тіпті анасына қоштасу хатын жазып, 200 шақырым жердегі Ақтауға жаяу бармақ болыпты", - деп баяндады Екатерина Киселева.

Екатеринаның сөзінше, 23 жастағы саяхатшының көлігін сордан алып шығу үшін экспедиция мүшелері бірнеше Тойота көлігін жұмылдырған.

Жас жігіт 1960 жылы шыққан қызыл түсті Renault темір тұлпарын мінген.

"Біз французды қатарымызға қосып, бірден барлауға кірістік. Арнайы квадрокоптердің көмегімен оның қызыл түсті көлігін табу мүмкін болды. Көлік өте тереңге түсіп кетіпті. Көліктің тұрып қалған орнын анықтаған соң қайта лагерьге оралдық.
Хелио экспедицияға қосылып, оның қатысушыларымен бірге Тұзбайыр сорына дейін жеткен. Ол өркениетке оралудан бас тартты. Тіпті анасына хабарласып, хат жазудан айнып қалды.
Біз оны соңғы рет Бейнеудегі дөңгелек жөндейтін жерде көрдік. Ол жердегі қызметкерлер оның микродөңгелектеріндегі үлкен тесіктерді жамаудан бас тартқан. Алайда қазір біз оның Өзбекстан мен Моңғолияда түскен суреттерін алдық", - деді Екатерина Киселева.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel