RU
Айқын екінші әйелі Жұлдыздың сахнада жүргенін қаламайтынын жасырмады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын екінші әйелі Жұлдыздың сахнада жүргенін қаламайтынын жасырмады

Рассказать Вконтакте

Айқын екінші жұбайы Жұлдыз Өмірғалидің ән айтқанын қаламайтынын жеткізді. Әнші бұл шешімін балалар тәрбиесімен байланыстырды деп жазады "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Негізі мен Жұлдыздың актриса болғанын қалаймын. Себебі, әнші қыздың күйеуі болған қиын. Әншілікке қатты бел буғым келмейді. Оны жүргізушілікке де шақырып жатыр. Мысалы, мен Қостанайда жүрсем, ол Атырауда жүрсе, бала-шағаға кім қарайды? Оған хабарласасың, ол ән айтып жатып, телефон көтермейді. Сосын жынданып, "Қайдасың? Не істеп жатырсың? Фото жібер" деп. Қазіргі жігіттер мен қыздар сондай ғой.
Актриса болса, өзім қадағалаймын ғой. "Мына киноға түсесің, мына киноға түспейсің" дегендей. Қыздарға карьера мен отбасын ұстап тұру қиын", - деп күлді Айқын.

Еске салсақ, 2017 жылы желіде Жұлдыздың қыз ұзату тойының видеосы пайда болған. Онда Айқын күйеу бала ретінде жүреді. Әншілер бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, кейіннен  редакциямызға Түркия елінде бірге демалып жүрген Айқын мен аяғы ауыр  Жұлдыздың  суреті келген. 

Алайда көп ұзамай Жұлдыз Өмірғалидің өмірге сәби алып келгені анықталды.

Ал өткен жылы қарым-қатынастарын жасырын ұстаған жұлдыздар бұл қуанышын тұнғышының бір жасқа толу мерекесінде бір-ақ хабарлады.

Cондай-ақ әнші бірінші әйелінің Жұлдыз Өмірғалиға қалай қарайтынын да айтып берді.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel