RU
Дариға Назарбаева Елбасыға құрметті сенатор белгісін табыстады (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева Елбасыға құрметті сенатор белгісін табыстады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сенат парламентінің пленарлы отырысына қатысты. Оның барысында Елбасыға құрметті сенатор белгісі мен куәлігі берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құрметті сенатор белгісі мен куәлігін Елбасыға сенат төрайымы Дариға Назарбаева табыстады.

Салтанатты шарада түсірілген суреттермен Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында бөліскен.

"Сіздердің шешімдеріңіз бойынша "Құрметті сенатор" атағына ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Сіздермен бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Бірге жұмыс істеуде әлі жалғастырамыз, уайымдамаңыздар" , - деді Назарбаев.

Оған қоса, ол өзінің отставкаға кету туралы шешімін түсіндіріп өтті.

"Менің биыл қабылданған шешімім (ред. қызметімнен кетуім) - мемлекеттің тұрақтылығы және мен 30 жыл бойы жүргізген саясаттың болашағы мен ауыспалылығы үшін қабылданған орынды шешім. Қазір мемлекетте бәрі бар. Ішкі саясат, сыртқы саясат, өндіріс, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың түрлі бағдарламалары бар. Қазіргі мақсат - оларды іске асырып, бақылауда ұстау. Бұл алға қойылған мақсаттар қажетті қаржымен қамтылған, тек атқарушы билік оны тиянақты түрде іске асыру керек" , - деді Елбасы.

Тұңғыш президент Қазақстанды "жанып жатқан әлемдегі тұрақтылық аралы" деп атады.

"Біз бұған бірге қол жеткіздік. Бұл аспаннан салбырап түскен жоқ. Біздің бірігіп істеген жұмысымыздың, еңбегіңміздің арқасында. Барлық халықаралық ұйымдар мен мелмекеттер бізге асқан сыйласытықпен қарайды. Мен қызметімнен кеткенімді хабарлағанда барша мемлекет басшылары маған қоңырау шалып, хабарлама жіберді. Мен өзім қатты таңғалдым.
Өздеріңіз білетіндей мен "Нұр Отан" партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты үміткер ретінде ұсындым. Ол ұзақ жылдар бойы сенат төрағасы болып қызмет етіп, осы қабырғалардан шыққан адам. Сипаттама бермеймін. Бірақ, мен мемлекетті бүгін осындай адам басқаруы керек екеніне сенімдімін. Тоғызы күні оны халық та қолдап шығып, ол сайлауда жеңіп шағады деп үміттенемін" , - деді Назарбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевқа "Құрметті сенатор" атағы берлігенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel