Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту - халықтың әл-ауқатын арттырудың кілті

Опубликовано:

Бүгінде елімізде 7,7 млн. жуық адам яғни халықтың 42,6 пайызы ауылда өмір сүреді. Сол себепті, мемлекетті толыққанды жаңғырту жүйесін іске асыру барысында ауыл мен агроөнеркәсіп кешені ерекше орын алады. Аграрлық өндірістің өркендеуі ел экономикасына мультипликативті түрде әсерін тигізетіні анық. Оның басты себебі-өндірістің халық шаруашылығындағы ірі әрі дәстүрлі саласы болуы.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту-халықтың әл-ауқатын арттырудың кілті

Алдағы уақытқа Қазақстанның алдында азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ете алатын агродержава болу, сонымен қатар дүниежүзілік нарықта экологиялық таза өнім шығару саласында көшбасшылар қатарына ену сынды міндеттер тұр.

Еліміздегі ауыл шаруашылығына әлемнің жетекші елдеріндегі деңгейде қолдау көрсетілу қажет. Соның ішінде ішкі нарықты қамтамасыз ете алатын астық, мақта, көкөніс және жеміс өндірісіне де баса назар аудару керек.

Одан бөлек, мемлекет үшін «Алқап-қойма-сөре» тауар қозғалысы кезіндегі саяси шығындардың көлемін азайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын аграрлық азық-түлік нарығының ішкі құрылымын өркендету арқылы кеңейту маңызды рөл атқарады.

Біз ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтерінің желісін, оның ішінде шағын шаруашылық нысандарын техникалық жарақтандыру үшін кооперативтік көлік-технологиялық станцияларды өркендету ауыл халқының табысын арттуға толыққанды мүмкіндік береді деп есептейміз.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту-халықтың әл-ауқатын арттырудың кілті

Ауылды жердегі жұмыссыздықтан арылу үшін еңбегін енді бастаған фермерлерге гранттар санын көбейтуге, бір жыл бойы жұртты дәрумендермен қамтамасыз ету үшін импортты алмастыру аясында жылыжай шаруашылығын дамытуға көмек берілу қажет.

Қазақстанның Қытай мен Ресейге ғана 5 млрд АҚШ долларын құрайтын экспорттық мүмкіндіктеріне мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды сақтау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын ірі тауарлық кешендер жол ашады. Біз ауыл шаруашылығы өнімдері мен олардың қайта өңдеу өнімдерінің экспортын қолдау жүйесінде нақты жоспарлар дайындауды ұсынуды жөн көрдік.

Бұл салада ауыл шаруашалығы жоғары оқу орындарын қаржылай түрде қамтамасыз ету, ғылыми және селекциялық орталықтарға қолдау білдіру, аграрлық ғылымды көркейту өзекті болып табылады. АӨК саласында тиімді ақпараттық-түсіндірмелік қызметтерді ұйымдастыру және білім тарату жүйесі басты рөлге ие.

Қазірде агроөнеркәсіптік кешен су жаңа технологиялық деңгейге, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді сақтау құралдарын енгізудің интеллектуалды жүйелеріне көшуге міндетті. Біз агрохимикаттарды тиімді түрде пайдалануды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мелиорациялау бағытын көркейтуді, құрғақ жерлерде топырақты нөлдік жаңартудың заманауи технологияларын және одан басқа инновацияларды қолдану аясын арттыру жөніндегі жоспарларды даярлауды ұсынамыз.

Біз агроөнеркәсіп ғалымдарымен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ресурсты үнемдейтін, инновациялық жасыл технологияларды тарату құралдарын, өсімдіктерді қорғаудың биологиялық тәсілдерін, сонымен қатар ірі қара малдың геномдық селекциясын даярлап, енгізуді жоспарлап отырмыз.

Рақымбеков Т.С. сайлауалды бағдарламасын толығырақ зерттеуге болады. Президенттікке үміткер Рақымбеков Т.С. сайлау қорының қаражатынан төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798055-kazakstanny-agronerksiptik-kesenin-damytu---halykty-l-aukatyn-arttyrudy-kilti/

pixel