RU
Назарбаевтың отставкаға кетуін өзге президенттер қалай қабылдаған?

Назарбаевтың отставкаға кетуін өзге президенттер қалай қабылдаған?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенат отырысына қатысты. Елбасыға құрметті сенатор белгісі мен куәлігі тапсырылды. Жиын барысында Назарбаев президент лауазымынан кету себебін тағы бір рет түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев, фото: NUR.KZ

Нұрсұлтан Назарбаев, фото: NUR.KZ

"Менің биылғы жылы қабылдаған шешімім (президент лауазымынан кету - Ред.) - мемлекеттің тұрақтылығы, болашағы мен соңғы 30 жылда жүргізіп отырған саясаттың сабақтастығы үшін қалыпты шешім.

Қазір елде бәрі бар. Экономика мен саясаттың барлық салаларында даму бағдарламалары бар. Сыртқы саясат, ішкі саясат және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік сала бағдарламалары бар.

Ендігі міндет - осыларды мұқият орындау және бақылау болып табылады. Бұл міндеттер қаражатпен қамтамасыз етіледі, тек атқарушы билік оларды нақты жүзеге асыруы тиіс", - деді Елбасы.

Назарбаев біздің мемлекеттіміздің басты жетістігі тұрақтылық пен бейбітшілік екендігін атап өтті.

"Біз мұны сіздермен бірге жасадық. Бұл аспаннан түсе салған жоқ, үлкен еңбектің арқасында келді. Барлық халықаралық ұйымдар бізді құрметтейді.

Мен өзімнің өкілеттігімді тоқтату туралы шешім жасағанда, барлық мемлекет басшыларынан хат алдым және олармен телефон арқылы сөйлестім. Осындай реакция болғанына өзім таңғалдым.

Бұдан біздің барлығына тағы да үлгі көрсеткенімізді байқауға болады. Яғни, билік транзиті мәселесін қалай шешу керектігін көрсеттік. Осы орайда барлық қадамдарда халық даналығы болуы тиіс", - деді Тұңғыш президент.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel