RU
Елбасы: Сенатқа келіп, депутаттармен кеңесетін боламын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы: Сенатқа келіп, депутаттармен кеңесетін боламын

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми түрде құрметті сенатор белгісі мен куәлігін иеленіп, депутаттарға өз алғысын білдірді. Оған қоса, Елбасы сенаттан кеңес сұрап, қажет болса өз пікірін ортаға салатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kaznews.kz

Фото: kaznews.kz

"Сіздерге алғыс білдіремін. Бұл мәртебге ие болдым. Алдағы уақытта сенатқа келіп, қажет болса өз пікірімді айтатын боламын. Бірге ақылдасамыз.
Қазір кейбір сенаторлар қызметінен кетіп жатыр, оларға да үлкен алғыс айтқым келеді. Ал олардың орнын басып, қатарымызға қосылатындарға сәттілік" , - деді Елбасы.

Ол қазіргі таңдағы басты мақсат - барлық бәсекелестерден технологиялық және ғылыми тұрғыда қалып қоймау екенін жеткізді.

"Ол үшін біз білім, ғылым мен жастарға аса үлкен мән беріп отырмыз. Өскелең ұрпақты біз сияқты емес, мүлде басқаша тәрбилеу керекпіз.
Бұл түсінікті құбылыс. Кез келген ұрпақ өткенге қарағанда мықтырақ әрі жақсырақ болуы тиіс. Ел болашағын білікті, кәсіби адамдарға ғана тапсыруға болады" , - деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Дариға Назарбаева тұңғыш президентке құрметті сенатор белгісі мен куәлігін табыстады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel