RU
"Әртүрлі әңгімелер айтылды": Назарбаев Әйтімовамен қалай танысқанын есіне алды

"Әртүрлі әңгімелер айтылды": Назарбаев Әйтімовамен қалай танысқанын есіне алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Құрметті Сенатор"куәлігі мен төсбелгісін бергені үшін депутаттарға алғысын білдірді. Елбасы өз сөзінде болашақ жоспарларын айтып, естеліктерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әртүрлі әңгімелер айтылды": Назарбаев Әйтімовамен қалай танысқаны жайында

Фото:tjournal.ru

Тұңғыш президент сенатор Бірғаным Әйтімоваға ерекше тоқталып өтті.

"Әйтімовамен ұзақ жылдан бері таныспыз. Орталық комитеттің демалыс үйіне бардым, сол жерде (онымен таныстым - ред.). 1990 жылы, ойлаңдаршы? Біз ары-бері серуендеп жүрдік. Бірақ неге екені белгісіз кездеспедік, сөйлеспедік. Бірақ әртүрлі әңгімелер айтылды.
Содан бері Бірғаным Сариқызы қасымда, мен тағайындаған көптеген қызметте істеді. Соның ішінде дипломаттық қызметте үлкен жетістікке жетті. Бұл жарқын күндер деп ойлаймын, тарих", - деді Назарбаев.

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, аталған уақыт аралығында Әйтімова Кеңестік балалар қоры Қазақ бөлімшесінің басқарма төрағасының орынбасары болған.

Одан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының жастар істері бойынша Жоғарғы Кеңес комитетінің төрайымы, жастар істері жөніндегі министр, туризм және спорт министрі, білім және ғылым министрі, премьер-министрдің орынбасары сынды қызметтерді атқарған.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Израиль, Италия, Куба елдеріндегі елшісі қызметін атқарып, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ғы тұрақты өкілі болған. Қазіргі таңда - сенат депутаты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel