RU
Ләйлә Сұлтанқызы ең алғашқы көлігін екі күннен кейін-ақ талқандаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы ең алғашқы көлігін екі күннен кейін-ақ талқандаған

Рассказать Вконтакте

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы алғашқы көлігін қалай алғанын айтып берді. Бұл туралы танымал тұлға Instagram парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ләйла Сұлтанқызының айтуынша, ол темір тұлпарының рөліне 2004 жылы отырған.

"2004 жыл. "Суперстардың" аяқталған кезі, Кішкенбаев Алмас масқара жұлдыз, бірлесіп жұмыс істейміз. Продюсер деген сөз енді қолданысқа еніп жүрген кез ғой, продюсермін.
Содан "Асар" партиясының мүшелері депутаттыққа үміткер болып агиткампания жүргізе бастады. Қызылордалық бір бизнесмен депутат болғысы келіп, маған хабарласты. Алмас 10 шақты күн бүкіл Қызылорда өңіріне концерт берсе, қалай болады деді. Ой, Алла -ай көп сұрауға қорқамыз, әр концертке ұяла-ұяла $1000 сұрадық.
$500 жүргізіп тұрған маған, $500 әнші Алмасқа. Әр концертке $5000 сұрасақ та болар еді, ұят қой, ыңғайсыз ғой, мен сеп-семіз болып сахнада тұрғаныма қысылдым, Алмас танымал екенін әлі сезіне қоймаған, зорға $1000 дедік.
Сол $5000 -ға келе сала оң рөлді Митсубиши Динго алдым да, екі күннен кейін газ бен тежегішті шатастырып алып, артының быт-шытын шығардым. Ең қиыны оңай алған көлігім жарамсыз болып қалды. Жап-жаңа Toyota avensis алғанша таксимен тағы да 2 жылдай жүрдім", - деп есіне алды тележүргізуші.

Журналист келесі көлігін кім және не үшін сыйлағаны бөлек әңгіме екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel