RU
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы боксшы әрі депутат болған Серік Сәпиев ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: mega.kz

Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы жаңа қызметті қатар атқара береді.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңес төрағасының мерзімі - бір жыл.

"Мәселен, бүгінде ТМД-ға мүше елдердің спорт саласын цифрландыру жоспарланып отыр. Серік Сәпиев осы мәселемен де айналысады. Қазіргі кезде біздің елімізде цифрландыру шаралары атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар "Зерде" холдингімен бірлесіп пысықталуда.
Сонымен қатар ТМД-ға ортақ стратегия бар. Онда допингтен бастап цифрландыруға дейін барлық шара қарастырылған. Кеңес төрағасы соның бәрін үйлестіріп отырады", - дейді комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

Оның сөзінше, кеңестің келесі отырысы 2020 жылы Татарстан республикасында өтеді. Сол жерде кеңестің жаңа төрағасы сайланады.

Осы жолы Щучинскіде өткен отырыста спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқыланып, цифрлық технологияларды енгізу жайы қаралды.

Бұдан бөлек, ТМД-ның осы саладағы 2021-2030 жылдарға арналған стратегияның жобасы пысықталды.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel