RU
Түркістан облысында бес жыл бойы арақсыз той өткізген "халал" ауыл жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында бес жыл бойы арақсыз той өткізген "халал" ауыл жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінің Алмалы ауылы бүгінде өңір халқы арасында "халал ауыл" атанып кеткен. Себебі, бұл елді мекенде бес жыл бойы той-думандар ішімдіксіз өтеді деп жазады ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: ERNUR.KZ

Көрнекі фото: ERNUR.KZ

Бүгінде Алмалы ауылы тұрғындар аудандық ардагерлер кеңесі мен аудан мешіттері имамдары үгіт-насихат ұмыстарын жүргізген соң спиртті ішімдіктерден түбегейлі бас тартқан.

Соның нәтижесінде, биыл бесінші жыл той-томалақтарын тентек сусыз өткізетін ауылда қылмыс пен құқықбұзушылық тіркелмепті.

Есесіне ауыл жастары жергілікті мешіттен арабша хат танып, имандылыққа бет бұрып жүр екен.

Одан бөлек, кішігірім ауылда жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бұқаралық спортты, әсіресе, көкпар ойынын дамыту қолға алынған.

Сондықтан, алкагольден бас тартқан ауыл балаларының аудан арасында абыройы асқақ, беделі биік.

Қазірде аудан имамдары мен ардагерлерінің бастамасымен қолға алынған мұндай шара ауданның барлық ауылдарында жалғасын табуда.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
25
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel