RU
"Неге жиі бармайсыздар": Мешіт жайлы сұрақ қойған Қайрат Нұртастың ұлы анасын састырған

"Неге жиі бармайсыздар": Мешіт жайлы сұрақ қойған Қайрат Нұртастың ұлы анасын састырған

Рассказать Вконтакте

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлдарының мешіттегі суреттерін жариялап, балаларының асқан қызығушылығы қандай ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтып берді. Қайрат Нұртастың жары перзенттері үшін көптеген қосымша ақпарат оқып жүретін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлы Нарұлдың мешітке қатысты қойған сауалына не деп жауап берерін білмей қалған.

Басынан өткен қызықты оқиға туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бір оқиға есіме түсіп отыр. Ол кезде Нарұлым кішкентай. Айналасын тану мақсатында түрлі сұрақтар қоятын. Бір күні көлік ішінде келе жатып, мешітке көзі түсті. "Анашым, бұл не?", - деп сұрады. Мен: "Бұл Алланың үйі. Мұнда адамдар намаз оқып, құлшылық қылады.
Ол бізді Жаратушы. Сондықтан осындай өмірді нәсіп еткеніне үнемі рақмет айту керек. Мешіт жүрек демалатын жер", - деп әдемілеп түсіндіріп жатсам, "Онда сіздер неге жиі бармайсыздар?" - дейді. Баламнан мұндай сұрақ күтпегендіктен біраз кідіріп барып, "жұма сайын барып тұрамыз" деп жауап бердім. Осы әңгімеден кейін әкесімен жиі мешітке жіберетін болдым. ⠀
Жалпы, ата-ана жан-жақты, білімді болу керек екенін ұқтым. Себебі балалар жас ерекшеліктеріне қарай түрлі сұрақтар қояды. Қызығушылығы оянады. Балаларыма "білмеймін" деп жауап бермес үшін, қолым қалт етсе қосымша ақпараттар оқып жүремін" , - деп жазды хитменнің әйелі.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel