Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамхана менеджері киім үлгісі ұнамаған қонақты қуып шыққан

Опубликовано:

АҚШ-тың тұрғыны Сюэретта Эмке Golden Corral мейрамханалар желісінен сырт келбеті үшін қуылды. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мейрамхана менеджері толық қонақты ашық киімі үшін қуып шыққан
Сюэретта Эмке Фото: facebook.com/sueretta.emke: Facebook

Сюэреттаның сөзінше, Пенсильванияда орналасқан Erie мейрамханасының қызметкерлері келушілердің оның тым ашық-шашық киіміне қатысты түскен шағымдардан кейін өзін мекемеден қуып шыққан.

"Тамақтануға барғанымда, жаныма менеджер келіп, ашық-шашық киімім келушілерге ұнамай отырғанын айтты. Менен үстіме бір нәрсе жамылуды немесе мейрамханадан кетуді өтінді", - дейді Сюэретта.

Бойжеткен мейрамханаға келу үшін бір сағат уақыты кеткенін хабарлағанда, менеджер бұл оның мәселесі емес екенін мәлімдеген. Ал киімінің қай жері дұрыс емес екенін айта алмаған.

"Менен де ашық киінген адамдарды көрдім. Бірақ оларға ештеңе айтылған жоқ. Олардың менің кетуімді талап еткендері толықтығым үшін деп ойлаймын. Мәселе тартымды көрінбейтінімде", - дейді әйел адам.

Эмке мейрамхана басшысымен хабарласқан, алайда ол мейрамханада киіну ережесі бар екенін алға тартып, көпшілік қонақтың қалауын орындау менеджердің тікелей міндеті екенін алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798112-mejramhana-menedzeri-kiim-lgisi-namagan-konakty-kuyp-sykkan/

pixel