RU
Білім және ғылым вице-министрінің не себепті қамауға алынғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Білім және ғылым вице-министрінің не себепті қамауға алынғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

МҚІСЖҚІА брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның не себепті қамауға алынғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эльмира Суханбердиева. Фото: Sputnik Қазақстан

Эльмира Суханбердиева. Фото: Sputnik Қазақстан

Хабарланғандай, Ұлттық бюро вице-министрге қатысты сот алды тергеу жұмыстарын қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша жүргізген.

Құқық бұзушылық эпизодтарының бірі 2016-2018 жылдарға сәйкес келеді.

МҚІСЖҚІА қазір тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын, сот санкциясымен қамауға алынғанын айтты. Соңғы үкімді сот шығарады.

47 жастағы Эльмира Суханбердиева бұл қызметке 2016 жылдың сәуір айында келген.

Вице-министр тұтқындалмас бұрын МҚІСЖҚІА баспасөз қызметінде Ұлттық бюро Білім және ғылым министрлігіндегі шенеунікке қатысты тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеген. Алайда, ол кезде тергеуге алынған тұлғаның аты-жөні айтылмаған еді. Ал 6 маусым күні Суханбердиеваның тұтқындалғаны анықталды.

Сонымен қатар, мамыр айының соңында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы тарапынан парақорлықтың жолын кесу сызбасы туралы ақпарат пайда болды. Орталықтың бас директоры да екі айға қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз
17
0
0
3
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel