RU
"Жаным ашып тұр": Әйтімова қамауға алынған вице-министрге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Жаным ашып тұр": Әйтімова қамауға алынған вице-министрге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Білім және ғылым вице-министрінің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді. Ол Эльмира Суханбердиеваның қамауға алынуы өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Депутат вице-министрдің ұсталуына қатысты ақпаратты әлеуметтік желілерден оқып білгенін жеткізді.

"Сондай бір жұмыскер, қызметкер тұлға. Сол себепті, бұл мәселе дұрыстап зерттеліп, тексеріліп, содан кейін ғана шешім қабылданатын шығар деген ойдамын. Бірақ, мен үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соған көңілім түсіп, жаным ашып тұр ", - деді Әйтімова.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министрін тергеп жатқаны белгілі болған еді.

Ал бүгін Эльмира Суханбердиеваның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Бүгінде Білім және ғылым вице-министрінің не себепті тұтқындалғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Суханбердиева министр орынбасары болып 2016 жылдың сәуірінен бері жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel