RU
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

МҚІСЖҚІА брифингінде Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты сот алды тергеу жұмыстарының басталғаны белгілі болды. Ол үш млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ораз Мұқашев. Фото pavlodarnews.kz

Ораз Мұқашев. Фото pavlodarnews.kz

"Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.
Ол облыстың медициналық мекемелеріне арналған дезинфекция құралдарын мемлекеттік сатып алу кезінде артықшылық көрсеткені үшін жеке компания басшысынан 3 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді", – деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстауға арналған изоляторда отыр.

Тергеу жұмыстары жалғасуда, соңғы үкімді сот шығарады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel