RU
Әйгілі Буффон "ПСЖ"-дан кетті
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі Буффон "ПСЖ"-дан кетті

Рассказать Вконтакте

"ПСЖ" футбол клубы италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффонның команда сапынан кеткенін хабарлады. Екі тарап 30 маусым күні аяқталатын келісімшарты жалғастырмауға шешім қабылдаған деп жазады eurosports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Джанлуиджи Буффон / Фото: © Reuters

Джанлуиджи Буффон / Фото: © Reuters

Франция чемпионы атанған футбол клубы 41 жастағы футболшымен Twitter желісіндегі ресми парақшасында қоштасқан.

"Алаңда және оның сыртында да өзін нағыз тәрбиелі адам ретінде ұстайтын ерекше тұлға, таптырмас дос. Біз саған болашақта тек қана сәттілік тілейміз! Сау бол! Бәрі үшін рақмет, Джанлуиджи Буффон" , - деп жазған "ПСЖ" өкілдері.

Айта кетейік, әйгілі Буффон аталмыш команда сапында бар-жоғы бір жыл ғана өнер көрсетті. Бұған дейін, қақпашы "Ювентус" командасында 17 жыл ойнаған.

Қақпашы Италия құрамасымен 2006 жылы әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel