Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спортшы өзін ажал аузынан алып қалған медбикеге ұсыныс жасады

Опубликовано:

Үш жыл бұрын Американың Флорида штатының тұрғыны Дэмиен Лерой ұшу кезінде парапланды басқара алмай, 46 метр биіктіктен құлап түскен. Ер азаматтың төрт қабырғасы, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған. Алайда медбикеге деген махаббаттың арқасында жігіт ауруынан лезде айыққан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Дэмиен Уэст-Палм-Бич ауруханасына жеткізіліп, сол жерде жұмыс істейтін Алекс Гувер атты медбикеге ғашық болып қалған. Бойжеткен спортшыны күтіп, оның аяғына тік тұрып кетуіне көмектескен.

Жігіт қызды ұнатып қалып, оның сүйіктісі барына қарамастан көңілін білдіріпті.

Аруханадан шыққаннан кейін спортшы жігіт медбикемен әлеуметтік желі арқылы жазысып тұрған. Ал оқиғадан кейін бір жыл өткен соң, ғашықтар ресми түрде кездесе бастапты.

Дэмиен ағымдағы жылы сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсынысты екеуі алғаш танысқан палатада жасады.

Бойжеткен бөлмеге кіріп қалған кезде жігіт кереуеттен секіріп, жүзігін ұсынған. Алекс өз кезегінде "иә" деп жауап беріпті.

"Үш жыл бұрын Алекспен ауруханада танысқан соң, осы жерде ұсыныс жасағым келді. Менің медбикем сондай сұлу еді. Қазір оның көгілдір көзіне қалай қарағаным есімде. Біздің арамызда ерекше байланыс болды", - деп қуанышымен бөлісті жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798163-sportsy-zin-azal-auzynan-alyp-kalgan-medbikege-synys-zasady/

pixel