RU
Алматыда көпбалалы отбасыларға пәтердің кілті табысталды (видео)

Алматыда көпбалалы отбасыларға пәтердің кілті табысталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда әл-ауқаты төмен және көпбалалы отбасыларға пәтердің кілті табысталуда. Аталған көмек кәсіпкерлердің тарапынан іске асып жатыр. Жоба жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, өмірлерін біршама жеңілдетуге тырысады деп хабарлайды atameken.business -ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: asfaltkom.ru

Көрнекі фото: asfaltkom.ru

Бүгінде Алматыдағы көпбалалы отбасыларға арналған ықшам ауданында 88 пәтерден тұратын 7 үй салынып жатыр. Дәл қазір 33 пәтерге жағдайы төмен отбасылар кіріп үлгерген.

"Алғашқыда идеямызды Тимур Асқарұлы қолданағанда ерекше көңіл күйде болдық. Жағдайы нашар отбасыларға қажетті заттарын алып беру бір бөлек, ал оларға үй салып беру бір бөлек. Біз бұл жобаны іске асыруға тек кәсіптің қолдауы көмектесетінін түсіндік", - деді "Береке" қоғамдық қорының жетекшісі Бағдаш Сүлеменов.

Сондай-ақ, үй жанынан 120 балаға арналған балабақша да ашылды. Бұл ата-аналардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бұл орталық тұрғындарды өмірге қайта бейімдейді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel