RU
СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысты
Жаңалықтар Қоғам

СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысты

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының тас жолында жол талғамайтын көлік пен трактор соқтығысты. Нәтижесінде бес адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Белое ауылының маңындағы Мамлют ауданында болған жол-көлік оқиғасының фотосуреттері әлеуметтік желілерде жарияланды.

Суреттен Lexus автомобилінің қатты бүлінгенін көруге болады. Оқиға куәгерлері жол талғамайтын көлік жүргізушісі мен төрт жолаушының тірі қалғанын, бірақ қатты зардап шеккенін айтады.

Облыстық полиция департаментінде апат фактісі расталды.

"Lexus RX-330 автокөлігінің жүргізушісі жүк тиегіш трактормен соқтығысқан. ЖКО салдарынан көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

ЖКО фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel