RU
БҚО-да ауыл ішінде жүгіріп жүрген жабайы қабан тұрғындарды дүрліктірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да ауыл ішінде жүгіріп жүрген жабайы қабан тұрғындарды дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

5 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Казталовка ауылының ішінде жүрген жабайы қабан жұртты шошытты. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: "Мой город"

Фото: "Мой город"

Казталовка ауылы әкімі аппаратының бас маманы Әзілхан Зарифовтың айтуынша, жабайы қабан ауылға таңға жуық кіріп кеткен.

"Таңғы алтыда кезекші бөлімге тұрғындардан ауыл төңірегінде жабайы қабан жүгіріп жүргені туралы хабар келіп түсті. Учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден барып, қабанды ауылдан далаға қуып жіберді. Бұрын соңды ондай жағдай болмаған", - дейді Зарифов.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
2
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel