RU
Ауыр дертке шалдыққан журналист Галина Полеваяның еміне ақша жинау жалғасуда
Жаңалықтар Қоғам

Ауыр дертке шалдыққан журналист Галина Полеваяның еміне ақша жинау жалғасуда

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде белгілі қазақстандық тележурналист Галина Полеваяның еміне қажетті қаражат жинау жалғасып жатыр деп хабарлайды "Хабар 24".

Жарты жыл бұрын журналистің ауыр дертке шалдыққаны белгілі болған.

Тележүргізушінің жағдайына бей-жайы қарамаған жандар шама-шарқына қарай қаражат жинап, Галинаның шетелдегі емді бастауына көмектесті.

Жілік майын ауыстыру операциясы мен сәулелік терапия курсы сәтті өткенімен, кеселден толық айығу үшін тағы бір ота мен сауықтыру курсы қажет болып отыр.

Галина Полеваяның репортаждары олимпиада чемпиондарының шығып, спортсүйер қауымның көбеюіне үлкен үлес қосты. Ол Азиада, Олимпиада ойындарын жүргізіп, спорттағы мақтаныштарымыз туралы деректі фильмдер түсірді.

"Құрметті достар! Галина Полеваяға көмектесіп жіберейік. Оған өте күрделі ем қажет. Қолұшын созбасақ болмайды. Ол спорттық журналистика үшін көп еңбек сіңірді. Бізбен бірге Олимпиадада болып, бізге үлкен қолдау көрсетті. Енді өзі де көмекке мұқтаж. Бей-жай қарамайық, әркім әліне қарай ақша аударса. Спортсүйер қауым өзінің сүйікті тілшісін қараусыз қалдырмайды деп білемін", - дейді Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева.

Спорттық мансабы аяқталған соң бапкерлікпен айналысқан Галинаның еміне әрбір үшінші қазақстандық 10 теңгеден аударса жеткілікті.

Журналистің жанұясы әлеуметтік желіде ақша жинауды жалғастыруда. Фейсбуктегі "Галина Полевая өмір сүр" және Instagram желісіндегі @mama_zhivi парақшасында барлық есептер мен алда өтетін жәрмеңкелердің, өзге де іс-шаралардың жоспары және қажетті реквизиттер жазылған.

Halyk bank (тг): 4390 8722 0191 7707 Kaspi Gold (тг): 5169 4931 6910 9462 Сбербанк ($): 5392 1500 0135 2044

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel