RU
Головкин алдағы жекпе-жегіне тегін билет таратпақшы

Головкин алдағы жекпе-жегіне тегін билет таратпақшы

Рассказать Вконтакте

Боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін салмақ өлшеу рәсіміне шақырып, билет ұтып алуды ұсынды. Бұл шарада Роллспен өтетін жекпе-жекке бірнеше билет сыйға тартылмақ деп хабарлайды Prosports.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

GGG хабарламаны Instagram парақшасы арқылы таратқан.

"Ертең сағат 14:30-да #GGGRolls ресми салмақ өлшеу рәсімінде кездескенше. Ертең Madison Square Garden-ге келіңіз. Instagram-дағы сторисқа @gggboxing және #GGGRolls хэштегін қойып, сенбі күні өтетін #BigDramaShow билеттерінің бақытты иегері атаңыз" , - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Головкин-Роллс жекпе-жегі Астана уақытымен тоғызыншы маусым таңертен өтпек. Кездесу Нью-Йорк қаласында болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel